Сәтбаевтағы кісі өлтіруге оқталу: дәрігерлер жәбірленушінің жағдайын айтты

Сурет: pixabay
Бір күн бұрын Сәтбаев қаласында сауда үйлерінің бірінің жанында белгісіз біреу өтіп бара жатқандардың көзінше жас жігітті атып кеткен. Зардап шегуші Жезқазған қаласының облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер Zakon.kz-ке 24 жастағы жігіттің жағдайын айтып берді.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы тұрақты.

Қазір жарақаттары басым болғандықтан травматология бөліміне ауыстырылды.Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Басқарма ер адамның урологтардың бақылауында болатынын атап өтті.

Ем қабылданады, таңғыштар жасалады.Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Сәтбаевта 18 қазанда күндіз сауда орталықтарының бірінің жанында ер адам кісі өлтіруге оқталған: белгісіз біреу өтіп бара жатқандардың көзінше жас жігітті атып тастады. Жәбірленуші - 24 жастағы жігіт. Ол оқ пен пышақ жарақатымен Жезқазған қаласының облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізіліп, ота жасалған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-99 "Адам өлтіруге оқталу" бабымен Қылмыстық іс қозғалды.

19 қазанда кісі өлтіруге оқталған күдіктілердің ұсталғаны белгілі болды. Олар 18 және 20 жаста: ұсталғандардың бірі көлік жүргізген, екіншісі жәбірленушіге оқ атқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек