Нұр-Сұлтан – Қарағанды ​​тас жолында атыс шығарған адам ұсталды

Сурет: видеодан скриншот
18 қазанда Ақмола облысының полицейлері тас жолда жүргізушілерге оқ атқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 39 жастағы Астана тұрғыны болып шықты, күдікті бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексiнің 293-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Тінту кезінде күдіктіден "Наган" маркалы револьвер мен 57 тал оқ тәркіленді.

Бұл жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қыркүйектің 6-сы күні полицияға 19 жастағы жігіттен Жібек-Жолы ауылына жақын жерде белгісіз біреулер оның Toyota Land Cruiser-200 автокөлігіне зақым келтіргені туралы арыз түскен.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам тапаншасын алып, сол маңдағы адамдарға бірнеше рет оқ атқан.

Полицейлер Нұр-Сұлтан – Қарағанды ​​тас жолында белгісіз біреулер арасында жанжал болғанын анықтады. Оқиға орнынан оқтың гильзалары мен газ баллоны тәркіленді. Сараптама тағайындалды.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі