"Дуалаған". Атырауда бейіт басынан табылған қағаздарға қатысты түсінік берілді

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде осы тараған видео авторы мұның барлығы дуа екенін айтады. Бума-бума парақтағы адамдар есімі жанынан әкімдік деген жазу да байқалады. Бұл фактіні полиция растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желідегі жазбада белгісіз біреулер түрлі есімдер жазылған қағаздардың табылғанын айтады. Бума-бума парақтан адамның аты, кейбірінің тегі және сандардың қаламмен бірнеше рет көшіріліп жазылғанын көруге болады. Жазба авторы есімдердің көпшілігінің жанында әкімдік деп анық жазылғанын оқып, көрсетеді, сөйтіп әрқайсысына сиқыр жасалғанын айтады.

Бұл туралы полиция департаменті түсінік берді. Құзырлы ведомство жинақталған ақпарат Дін істері басқармасына жолданғанын хабарлады. Ал аталған басқарма өкілдері тексеріс жұмыстары әлі жүріп жатқандықтан, сұқбат беруді кейінге қалдырды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы