Астанада манипулятор ұрлаған күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Астананың 52 жастағы тұрғыны ЖШС-сінің бірінің аумағында тұрған манипуляторды өзінің "Камазына" орнатылған манипуляторға тиеп алып кеткен. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл әрекетімен күдікті 7 млн теңге шығын келтірді.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, күдікті Астана қаласындағы Ақжол көшесінің бойындағы ЖШС-нің аумағында тұрған Tadana маркалы манипуляторды көптен бақылап жүрген. Ол ЖШС аумағында ешкім жоқ екеніне және оның жұмыс істемей тұрғанына көз жеткізген соң, манипуляторды өзінің "Камаз" маркалы жүк көлігіне орнатылған манипуляторға тиеп алып кеткен.

Аталған фактіге қатысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның елорда аумағында басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға және бейнебақылау камераларымен жабдықтауға шақырды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін