Ақтауда құтқарылған аққу көлге жіберілді

Сурет: pixabay
Аққу, әзірге су жағалап жүзіп жүр. Орман шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері кезек-кезек жағдайын бақылап, оған қарайлап жүретін болып шешілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшылығы Зоология институтының мамандарына хабарласты. Олар өз кезегінде аққуды өздігінен тамақтана алуы үшін табиғи мекені - Қаракөлге жіберуге кеңес берді, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Дәл осы сәтте айдын көлде көптеген аққу жүзіп жүр, сондықтан оның өз үйірін табуға мүмкіндігі бар.

Батпаққа батқан аққу Қаражанбас кен орыны маңынан табылған болатын.

Кейінірек орман шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері құсты көруге келіп, оны ветеринарлық тексеруден өткізу үшін алып кеткен еді.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды