Денесін бөртпе басқан балалар түскен бассейннің суы 5 жыл ауыстырылмағаны анықталды

Сурет: pixabay
Ақтөбеде ауыра бастаған балалардың ата-аналарының шағымынан соң "Достық" кешеніндегі бассейн суынан тексеру үшін сынама алынған. Ата-аналар бассейнде хлордың көлемі тым көп деп күдіктенген еді. Алайда тексеріс нәтижесі одан бөлек дүниені анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбеде "Достық" спорт кешеніндегі бассейннің суы соңғы рет 2017 жылы ауыстырылған. Бес жыл бойы суы жаңартылмаған хауызға 800-ден астам бала түсіп, жүзу спортымен айналысып келген. Бұған дейін ата-аналар балаларының үстері бөртіп кеткенін және жөтел пайда болып, аллергиялық дертке шалдыққанын айтып, шағымданған. Олар бассейнде хлордың көлемі тым көп деп күдіктенді. Осыдан соң судан сынама алынып, арнайы тексеру басталды. Нәтижесінде бассейннің суы соңғы рет 5 жыл бұрын ауыстырылғаны анықталды, делінген Астана телеарнасының сюжетінде.

Жалпы бассейндегі суды соңғы рет 2017 жылы ауыстырған. Өйткені, бұл қымбатқа түседі. 7 миллион теңге. Жалпы бассейнде сүзгілер үздіксіз жұмыс істеп тұр. Сондықтан ол суға түсуге болады. Тағы да сынама алдық, енді соның нәтижесін күтеміз. Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы бөлімінің бас маманы Әділбек Ділжанов
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды