Астанадағы арнайы жасақ анаша сатқан медицина қызметкерін ұстады

Сурет: polisia.kz
Елордада полицейлер жұмыс орнында есірткі сатқан медицина қызметкерін ұстады. Бұл кезде дәрігер қалалық ауруханада болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер аурухананы тінтіп шықты. Медицина қызметкерінің жеке шкафынан сұр-жасыл түсті ұнтақ заты бар 4 полиэтилен табылды.

Есірткілердің жалпы салмағы - 240 грамнан астам гашиш. Бұл - аса үлкен мөлшер.

ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі көлемде өткізу немесе өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Көкшетауда бес баланың әкесі гашиш сатумен айналысқан. Сот 40 жастағы ер адамға қатысты іс бойынша үкім шығарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды