Екібастұз қаласы жылусыз әрі ыстық сусыз қалды

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" мәліметтері бойынша, Екібастұзда ауа температурасы -32°С аяз, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 қарашада сағат 01:20-да экран құбырларының жарылуына байланысты №11 қазандық қондырғысы істен шықты. Сағат 01:30-да №13, 14 және 15 қазандық агрегаттары да өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Екібастұз ЖЭО баспасөз қызметі.

Қала тұрғындарының айтуынша, бүкіл қала жылудан ажыратылған.

ЭЖО ақпараты бойынша, №8 және №14 қазандық қондырғыларын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында арнайы бригадалар жұмыс істеуде. Кәсіпорын жақын арада жылу беруді қалыпқа келтірілетінін атап өтті.

Қала тұрғындарынан желідегі суды ағызып тастамау сұралады (қатып қалады деп қауіптеніп). Оған тек құбырлар толығымен мұздап, үй жалпы жылумен жабдықтау жүйесінен ажыратылған жағдайда ғана жүгіну қажет.

Сонымен қатар, тұрғындардан жылу құбыры желісіндегі ақаулар байқалып жатса, WhatsApp диспетчерлік қызметіне мына нөмір бойынша хабар жіберу сұралады: +7 701 705 49 57. Мәтіндік хабарламада бүлінген жерді атап көрсету керек.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды