Жылусыз қалған Екібастұзда электр желілеріне түсетін жүктеме артқан

Сурет: Zakon.kz
Оған себеп - қала тұрғындарының тұрмыстық жылытушы электр құрылғыларын жаппай қолдана бастауы, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов жылу желілеріндегі апаттың тағы бір салдарын атады. Ол әріптестерімен бірге қаланың энергетикалық желілерін аралап, жүктеме көрсеткішін тексеру кезінде оның шекті көлемнен артып кеткенінің куәсі болғанын айтты.

Бұған қала тұрғындарының жылытушы электр құрылғыларын тұтына бастауы себеп, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Салыстыру үшін ол екі санды атады: 32 мегаватт – тіркелген орташа жүктеме, ал соңғысында бұл көрсеткіш 52-ге жеткен.

Бірақ желілік компаниядағы әріптестеріміз дер кезінде әрекет еткен. Мысалы, шамадан тыс жүктемелерге байланысты нақты бір орындарда жарықты сөндіре тұруға мәжбүр болған. Бірақ бұл мәселе тез пысықталып, шешімін тапты, - деп атап өтті Сұңғат Есімханов.

27 қарашада сағат 01:30-да Екібастұз қаласы жылусыз әрі ыстық сусыз қалды. Сол күні облыс әкімі Екібастұз қаласына барып, арнайы жедел штаб құрылды. 28 қарашада қалада төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет басшысы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа қалалардағы проблемалық энергетикалық активтерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесін қарауды тапсырды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты