ABAI NEWS telegram-каналы таратқан хабарға қарағанда, қайғылы оқиға Жарма ауданы Терістаңбалы ауылында орын алған. Жас отбасы баласын ата-әжесіне табыстап кеткен.
Марқұмдардың жақындарының айтуынша, қаза тапқан ерлі-зайыпты 3 жасар немересін ертіп, өзге ауылға қонаққа барған. Ал түнде өз ауылына қайту үшін жолай көлік ұстаған. Алайда ауылға 1 шақырым қалғанда көліктен түсіп қалған ерлі-зайыптылар кішкентай баланы жетектеп, үйіне қарай жаяу тартқан.
"Таңертең әйел адамның денесі ауылдан 50 метр, ал ер адам мен баланікі 100 метр қашықтықтан табылған. Енді аязды күні орта жолдан адамдардың көліктен неге түсіп қалғанын білу үшін жүргізушіні іздеп жатырмыз", - дейді қаза тапқан отбасының жақындары.
Жарма аудандық полиция бөлімі бұл фактіні растады. Кеше марқұмдарды жерлеу рәсімі өткен.