Мал ұрлығы: Жамбыл облысында қожайынын ірі шығынға батырған қойшы ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 16:40 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысының Меркі ауданында шаруа қожалығының иесі малға түгендеу жүргізу кезінде 250 бас ұсақ малының жоғалғанын анықтап, полицияға жүгінген.

Келтірілген шығын көлемі 30 млн теңгені құраған. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған малдың бір бөлігін Т.Рысқұлов ауданынан анықтады. Табылған мал заңды иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында шаруа қожалықта мал баққан қойшының өзге де адамдармен алдын ала сөз байласып, малды жасырын жымқыруға қатысы бар екені белгілі болды.

Сонымен қатар ұрланған малдың бір бөлігі кейіннен басқа адамдарға 800 мың теңгеге сатылғаны анықталды.

Қылмыстық іс бойынша үш күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: