"Екібастұзжылуэнерго" ЖЭО учаскесінің бастығы қайтыс болғанын растады

Сурет: Zakon.kz
5 желтоқсан күні "Екібастұзжылуэнерго" ЖЭО қызметкері қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"4 желтоқсан күні «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не полиция басқармасынан қаладағы гараждардың біріндегі көлік ішінен Екібастұз ЖЭО қызметкерінің денесін тапқаны туралы қоңырау түсті. Деректерді тексеру кезінде ол шынымен орталық қызметкері екені анықталды", – деп жауап берді кәсіпорын өкілдері pavlodarnews.kz басылымына.

Болжамдардың бірінде әйелімен жанжалдасып қалған ол гаражға кетіп, сондағы көлігін оталдырған. Кейін ол ұйықтап, газдан уланып қалған болуы мүмкін.

Қаза тапқан ЖЭО учаскесінің бастығы туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады. Онда қаза тапқан 33 жастағы ер адамның денесі гараждан табылғаны, оның денесінде зорлық іздері болмағаны туралы полицияның баянаты жарияланды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті