Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 4 адамнан құралған топ қалада кемінде 5 ұрлық жасаған.
Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы Данияр Меңдебаевтың айтуынша, қылмыстық төрттікте барлық рөлдер алдын ала бөлінген. Үш орындаушы: біреуі сыртта қарауылдайтын болса, екеуі пәтерге ұрлыққа түскен.
Қылмыс үстінде ұсталғандардың ең үлкені – 53 жастағы Қостанай облысының тумасы,қылмыстық топтың қалған мүшелері – 30 жаста, 34 жаста және 41 жаста. Олар да басқа жақтан келгендер. Қылмыс жасау тізбегі стандартты болды. Олар үйге кіріп, есік қоңырауын басады, егер ешкім ашпаса және есіктің арғы жағы тыныш болса, олар кіреберіс есіктің құлпын ашқан.Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы Данияр Меңдебаев
Оларда есік құлпын ашуға арналған әртүрлі өлшемдегі басты кілттер, имитаторлар сияқты арнайы құрылғылар болған. Оның бәрі қораптарға салынған.
Күдіктілердің қаланың әртүрлі ауданында жасалған 5 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Соңғы дерек Шұғыла шағын ауданындағы үйлердің бірінде тіркелді.Данияр Меңдебаев
Полиция қызметкері күдіктілер оқиға орнында ұсталғанын атап өтті.