Олимпиаданың екі дүркін чемпионы ұшақ апатынан аман қалды

Сурет: wikimedia
800 метрге жүгіруден 2012 және 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, кениялық желаяқ Дэвид Рудиша Каджиадо округінде болған ұшақ апатынан аман қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Nation Africa басылымының жазуынша, Кенияның оңтүстік-шығысында апатқа ұшыраған ұшақта спортшы мен тағы бес адам болған. Жол апаты кезінде жолаушылардың бірі ауыр жарақат алып, ол дереу ауруханаға жеткізілді.

"Бұл жағдай кенеттен болды, ұшақ әуеге көтерілгенде оның қозғалтқышы өшіп қалды. Ұшқыш ұшақты қондырып жатқанда, қанаты ағашқа тидң де, ұшақ айнала бастады, содан кейін тасты жерге құлады. Аман қалғанымыз үшін Жаратқанға шүкіршілік етеміз. Ұшқыш ұшақты барынша құлатпау үшін керемет жұмыс істеді". Дэвид Рудиша

Әйгілі спортшы осымен екінші рет апаттан аман қалды. Үш жыл бұрын Рудишаның көлігі автобуспен бетпе-бет соқтығысқан. Сол жолы да спортшы қатты жарақаттанған жоқ.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді