Алматы энергетика университетінің профессоры мен магистранты бір күнде дүние салды

Сурет: Instagram/aues_university
Алматы энергетика және байланыс университетінде бір күнде, яғни 13 желтоқсан күні профессор Алмас Жакупов пен магистрант Амирали Ахметов қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы энергетика және байланыс университеті 2022 жылғы 13 желтоқсанда Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Алмас Аусыдықұлы Жакупов қайтыс болды деп қайғыра хабарлайды" – деп жазылған университеттің Instagram-дағы парақшасында.

Профессор мен 22 жастағы 1 курс магистрантының неден қайтыс болғаны белгісіз.

"Университет басшылығы МИСк-22-1 тобының магистранты Амирали Ахметовтың мезгілсіз қазасы туралы қайғыра хабарлайды және туыстары мен жақындарына көңіл айтады" – деп хабарлады университет ұжымы.

Университеттегілер Алмас Жакупов пен Амирали Ахметовтің өлімінің өзара байланысы жоқ екенін атап өтті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі