Павлодарда балықшылар жаралы еңлікті тауып алды

Сурет: pixabay
Павлодарда Ертіс өзенінің алқабынан балықшылар жаралы еліктің төлін тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Балықшылар еліктің төлі - еңлікті  тауып алғанын орманшыларға айтқан. Ал олар өз кезегінде төлді ветеринарлық клиникаға апарып тапсырды.

"Қарнын тексеру кезінде ескі жараның орны табылды. Оған кем дегенде 10 күн болған. Қазірдің өзінде тіндері бітіп барады. Енді оған хирургиялық ем мен бұлшықеттерге инъекция енгізу қажет. Тамақ жеп, су іше бастаса, демек жазылды деген сөз. Бақылайтын боламыз", - деп Pavodarnews.kz ветеринар сөзін келтіреді.


Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіповтың айтуынша, дәрігерлер еңлікке инъекция жасап, жараны емдеген. Енді оны тағы бір еліктің төлі бар Павлодар ауылындағы шаңғы базасына уақытша орналастырады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс