АҚШ-та банкке ұрлыққа түсіп, 1 доллар талап еткен ер адам ұсталды

Сурет: pixabay
АҚШ-тың Огайо штатында тарихтағы ең қызық банк тонау әрекеті үшін ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Dayton Daily News басылымының жазуынша, 24 жастағы Алекс Уилсон Fifth Third Bank бөлімшесінің кассиріне хат беріп, онда бұл тонау екенін айтып, бір доллар беруді талап еткен. Сонан соң ол: "Менің қаруым бар ма, жоқ па оны білмейсіз, дабыл түймесін басыңыз" деген.

Кассир ер адамның ба талабын орындаған, бірақ ол ақшаны алмай, жай ғана полицияның келуін күтіп отырыпты.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Уилсоннан қару таппаған. Ол қамауға алынып, банк тонады деген айыппен 25 мың доллар көлемінде кепілақы төлеуге мәжбүрленді.


АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін