Журналист Михаил Козачков уақытша ұстау изоляторына қамалды

Сурет: facebook/Михаил Козачков
Журналист Михаил Козачков уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның адвокаты журналисті 48 сағатқа қамағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін журналист Михаил Козачковты ұсталғаны хабарланған еді. Қаржы мониторинг агенттігі таратқан хабарламада журналистің "Болат Назарбаевтың көмекшісімен байланысты қылмыстық топқа рейдерлік жасауына көмектесті" деген күдікке ілінгені жазылған.

"Әділ сөз" баспасөз қорғау ұйымы тінтудің адвокатсыз жүріп жатқанына алаңдаушылық білдірді. 

Журналист Вадим Борейко Facebook-тегі парақшасында журналистің Алматыдағы тұңғыш президент саябағындағы тұрақта ұсталғаны жөнінде естігенін жазды. Айтуынша, Козачковтың үйінде де тінту жүрген. Оның адвокатын тінту орнына - пәтеріне кіргізбеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды