Парижде ашу қысқан күрдтерді тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолдана бастады

Сурет: pixabay
Франция астанасындағы күрд мәдени орталығының маңында үш адам өлтірілгеннен кейін наразылық білдірген агрессивті демонстранттарды полицейлер көзден жас ағызатын газ қолдану арқылы тарқата бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталыққа жиналған күрд қауымының жүзге жуық өкілі полицияға бөтелкелер мен тас лақтыра бастады, деп жазды ТАСС.

Күрдтер түріктерге қарсы ұрандармен митингке шығып, Түркияны бұл жағдайға қатысы бар деп айыптады.

Шерушілер қоқыс жәшіктерін өртеп, қауіпсіздік күштеріне тас пен бөтелке лақтырып, тәртіп бұза бастады. Полицейлер бұған жауап ретінде шулы граната қолдана бастады.

Бірақ бұл көмектеспеді: қазір француз полициясымен қақтығыс күшейіп келеді.

23 желтоқсанда 69 жастағы ер адам Париждің 10-округ көшесінде атыс шығарды. Ол ұсталды, дегенмен қылмыстың себептері әлі белгісіз. Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, шабуыл жасаған азаматтың ұлты – француз, ол 2016 және 2021 жылдары адам өлтіруге әрекеттенгені үшін полицейлерге жақсы таныс болған.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты