БҚО-да екі браконьер ұсталып, 58 киік мүйізі тәркіленді

Сурет: wikimedia
25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында браконьерлерден киік мүйіздері тәркіленді. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Zakon.kz-ға хабарлағандай, аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

25 желтоқсанда "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторлары мен құқық қорғау органдарының бірлескен іс-шаралары аясында Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Саралжын ауылдық округінің "26" қыстау аумағынан Жәнібек ауданы Жәнібек ауылының тумасы ұсталды. 1986 жылғы азамат 24 дана киік мүйізін жасырғаны анықталып, тәркіленді.

Сол күні Саралжын ауылдық округінің "Құрамқұл" қыстауынан 47 жасар ер адам ұсталды. Оның 34 дана киік мүйізін жасырғаны анықталып, тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетсек, киіктің мүйізін сақтағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді