Маңғыстауда қайтыс болған балалар мен олардың әкесіне қатысты істің мән-жайы белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
30 желтоқсанда ҚР ІІМ Тергеу департаментінің Анықтау жұмысын ұйымдастыру департаментінің бастығы Мәлік Қайбар Маңғыстау облысында ер адам мен үш баланың өліміне қатысты тергеудің егжей-тегжейін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам мен үш бала асылып қайтыс болған күйінде табылды.

"Маңғыстау облысының полиция департаментінде кәмелетке толмағандарды қасақана өлтіру және өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды".Мәлік Қайбар

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында суицидтің себебін анықтау үшін сот-медициналық психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды.

11 желтоқсанда Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында полицейлер тұншығу белгілері бар төрт адамның мәйітін тапты. 38 жастағы ер адам, сегіз, төрт жас және он айлық балалары асылып, қайтыс болған болып шықты.

Осыдан кейін ер адам өзіне қол жұмсап, балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан жазба табылды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты