Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 25 тас жол жабық күйінде қалып отыр

Сурет: pixabay
Сағат 19:30-дағы ақпаратқа сәйкес, республикалық маңыздағы 25 тас жол жабық күйінде қалып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында автожолдар жабық тұр. 

644 бірлік арнайы техника мен 1100 жолшы құбылмалы ауа-райы салдарын жоюда. Кей жерлерде қар жамылғысының қалыңдығы 50 см-ге дейін жетеді. Қазіргі уақытта Ақмола облысында көлік қозғалысына енгізілген шектеу толығымен алынды, делінген хабарламада.


Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан, Жетісу және Қарағанды облыстарының республикалық маңызы бар автожолдарында жағдай әлі де күрделі. Мысалы, тек бір ШҚО-ның өзінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 15 учаскесі жабылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев