Өскеменде есірткі сатушы ұсталды

Сурет: polisia.kz
Өскеменде есірткі сатушыдан 10 келіден астам кептірілген марихуана мен шамамен 1,9 келі гашиш тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамдарының бірінде салмағы 105 грамнан асатын марихуананы өткізу фактісін анықтады, деп жазды polisia.kz.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 31 жастағы жергілікті тұрғын есірткіні 27 жастағы ер адамға 38 мың теңгеге сатқан.

"Көп ұзамай, жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті отырған ВАЗ автокөлігі  тоқтатылды. Көліктен скотч-лентамен оралған сөмке табылды. Сонымен қатар автокөлікті тінту кезінде иісі бар қоңыр-жасыл түсті ұнтақ заты бар үш орама табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, орамада 10 келіден астам кептірілген марихуана мен шамамен 1,9 келі гашиш болғаны анықталды".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін