Астанада үйректерді қынадай қырған браконьер құрықталды

Сурет: Facebook/Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Аталған қылмыс әлеуметтік желіні мониторингілеу кезінде анықталған. Желіде жарияланған видеодан елорданың ЖЭО маңындағы су қоймасындағы үйректерге түрпідей тиген екі ер адамды байқауға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың 5 қаңтарында Instagram әлеуметтік желісінде елорданың ЖЭО маңындағы су қоймасында орын алған браконьерлік факт туралы видео тараған болатын.

"Қазіргі таңда видеодағы бір адам ұсталды, ол Астана қаласының тұрғыны болып шықты. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған екінші адамның жеке басы анықталу үстінде. Құқық қорғау органдары екі азаматқа қатысты процессуалдық шешім шығаратын болады". Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметі


Сондай-ақ Ақмола облысында үйрек аулау мерзімі тамыздың соңғы сенбісі мен 30 қараша аралығында ғана жүргізілетіні, ал қалған уақытта оған тыйым салынатыны ескертіледі. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды