ШҚО-да бірден үш қар көшкіні жүріп, жолдарды жауып қалды

Шығыс Қазақстан облысында 2023 жылдың 7 қаңтарында жергілікті маңыздағы екі жол учаскесін, атап айтқанда, "Алтай-Богатырево" және "Алтай-Путинцево" тас жолдарын өздігінен жүрген үш қар көшкіні жауып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz өңірдегі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша, 7 қаңтарда сағат 07: 30-да "Алтай-Богатырево" жергілікті маңызы бар жол учаскесінде (36 км) және осы учаскенің 37 шақырымын жалпы көлемі 3500 текше метр қар көшкіні өздігінен басып қалды.

Сағат 09-50-де "Алтай-Путинцево" (37 км) тас жолына көлемі 3700 текше метр қар көшкіні түсті.

"Жол учаскелері жабылды. Құрбандар мен қираған ғимараттар жоқ. Қазіргі уақытта жол қызметтерінің күшімен жол қардан тазартылып жатыр". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтар мен туристерден қарлы беткейлерге шықпауды және қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан тау учаскелерінің жанынан өтпеуді, сондай-ақ таулы жерде барлық қауіпсіздік пен іс-қимыл шараларын сақтауды сұрайды.

"Өңірде бірнеше күн бойы көшкін қаупі сақталады, бұл туралы құтқарушылар бірнеше күннен бері халықты хабардар етіп келеді". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салады. 


Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өскемен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: