Алдын ала тергеу 2022 жылғы желтоқсанда және 2023 жылғы қаңтарда Апуримак, Либертад, Пуно, Джунин, Арекипа және Аякучо аймақтарында болған наразылықтар кезінде жасалған геноцид, кісі өлтіру және ауыр дене жарақаттарына байланысты қылмыстар негізінде жүреді, деп жазды ТАСС.
Бұған дейін Перу бас прокуратурасы мен оның басшысы Патрисия Бенавидес президентке қатысты екі алдын ала тергеу басталғанын жариялаған, ол қандай қылмыстарға күдікті екенін ашып айтпаған еді.
Болуартеден басқа күдіктілер қатарында премьер-министр Альберто Отарола, ішкі істер министрі Виктор Рохас, қорғаныс министрі Хорхе Чавес, сондай-ақ бұрынғы премьер-министр Педро Ангуло мен бұрынғы ішкі істер министрі Сезар Сервантес бар, деп хабарлады ведомство.