Каспий теңізі неге тартылып жатыр? Экология министрлігі жауап берді

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий теңізінің тайыздануы туралы айтты. Министрлік теңіз деңгейінің ауытқуы негізінен климаттың антропогендік өзгеруінің әсерінен өзгеретін су балансы сипаттамаларының арақатынасына байланысты екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2006-2020 жылдар аралығында Каспий теңізі жауын-шашынның ең аз көлемін алды, ал булану процестері қарқынды болды, сонымен қатар Волка өзеніндегі құрғақ жылдар қатарынан орташа су ағыны болды. 

Су тапшылығының басты себебі - бүкіл солтүстік жарты шарды шарпыған климаттың жылынуы.

Ақпаратта атап өтілгендей, Қазақстан Ресеймен 2010 жылғы «Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы» келісім бойынша трансшекаралық өзендерді, атап айтқанда Жайық өзені бассейнін қорғау шараларын қабылдауда. Мәселен, Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау бойынша комиссия құрылды.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта мамандар деректер жинап, өзен бассейніндегі су объектілерінің гидрологиялық сипаттамаларын талдауға кіріскені айтылады.


"Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде судың деңгейі көтерілген кезеңінде судың максималды ағынын қамтамасыз ету мақсатында су қоймаларының режимін синхрондау бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда. Бұл шаралар табиғиға жақын жайылмаларды су басуға, уылдырық шашатын жерлерді шаюға және Жайық өзенінің экологиялық жағдайын жақсартуға қажетті экологиялық шығарындыларды жүргізуге мүмкіндік береді». Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарлары аясында «Жайық-Каспий» бассейніндегі су шаруашылығының жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 2020-2025 жылдар кезеңінде 98 млрд теңгеден астам сомаға жұмыстар жүргізіледі.

2022 жылғы 7 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде Каспий теңізінің проблемаларын көтеріп, Каспий маңы мемлекеттерімен бірлесіп 2023 жылдың соңына дейін мемлекеттік ғылыми институт құруды тапсырды.

Айта кетейік, Ақтаулық блогерлер Каспий теңізінің тайыздығы туралы бейнероликтерді тұрақты түрде жариялайды. Соңғы видеолардың бірін экобелсенді Азамат Сәрсенбаев шығарды. Онда блогер 2023 жылы Каспий теңізінің рекордтық таяздығы күтілетінін айтты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: