Спорт дүкенінің 260 мыңнан астам тұтынушысының мәліметтері желіде тарап кетті

Сурет: pixabay
"Спортмастер" дүкенінің 260 мыңнан астам қазақстандық клиенттерінің деректері қолды болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

KZ-CERT Компьютерлік оқыс оқиғаларға ден қою ұлттық қызметі қолды болған тізімде Қазақстан азаматтарының деректерін қамтитын 260 мыңнан астам жол болғанын нақтылайды. Деректер 2012 жылдың 15 қыркүйегінен 2018 жылдың 18 мамырына дейінгі кезеңді қамтиды. Файлда адамның аты-жөндері, туған күні, телефон нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайлары сақталған.


"Спортмастер" компаниясы бұл оқиғаның тізімдегі адамдардың логиндері мен парольдерін, төлем ақпаратын, сондай-ақ қызметкерлердің есептік деректерін қамтымайтынын және оған әсер етпейтінін айта келіп, мәліметтердің қолды болғанын растады, ішкі тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, бұл оқиға аталған мәліметтер базасына кіруге рұқсаты бар мердігерлердің бірінің тарапынан орын алуы мүмкін", делінген хабарламада.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті