Адамның көлік үстіне құлауы кезіндегі дыбысты жарылыс деп шатастыруы мүмкін - ҚР ТЖМ

Қарағанды облысы ТЖД 16-қабатты тұрғын үйде болған өртке қатысты қосымша мәлімет жариялады. Құзырлы ведомство өртке газ емес, сөндірілмей қалған темекі тұқылы түрткі болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"8-қабаттағы 3 бөлмелі пәтердің жатын бөлмесіндегі ашық от көзі өрттің себебі болып анықталды. Пәтерден жарылысқа әкелуі мүмкін газ бен басқа құралдар табылған жоқ. Жарылыс сияқты ықтимал дыбыстың естілуі зардап шеккен ер адамның 8-ші қабаттан көліктің төбесіне құлауы болуы мүмкін. Жарылыстың болмағаны едендердің, қабырғалардың және бөлмелердің бүлінбеуінен көрінеді". Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта барлық тұрғын өз пәтерлеріне оралды. Үйдің жылумен жабдықталу желісі істен шықпаған. Электрмен жабдықтау желісі қосылды.

"1979 жылғы зардап шегуші түрлі дене жарақаттарымен Қарағанды қаласының орталық ауруханасына түсіп, емделіп жатыр. Өрт болған уақытта және ауруханаға жатқызу кезінде зардап шеккен адам қатты мас күйінде болды". Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

ТЖД өрттің алдын алу мақсатында мына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді:

- сөндірілмеген темекі мен сіріңкені қалдырмаңыз;

- электр сымдары мен аспаптардың жарамдылығын бақылаңыз;

- бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз;

- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз және балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз;

- тек дұрыс жұмыс істейтін пештерді, газ және электр құрылғыларын пайдаланыңыз;

- психикалық бұзылулардан, алкоголизмнен және нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға ерекше назар аударыңыз.


Оқиғалар мен төтенше жағдайлардың кез-келген алғышарттары және фактілері туралы 112 немесе 8 (7212) 433636, 433737 телефондарына хабарлаңыз, делінген хабарламада.

 

Қарағанды
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: