Антикор шетелден қайтарылған 38 млрд теңгені қайда жұмсайтынын айтты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арқылы елге қайтарылған қаражат мектеп салуға және оны жөндеуге жұмсалады Мұны ведомство төрағасының орынбасары Асхат Жұмағали Facebook-теге парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет активтерді қайтару және құқық бұзушылықтардан келтірілген залалды өтеу бойынша жұмысты жалғастыруда. агенттік төрағасының күнделікті үйлестіруімен жедел-тергеу құрылымдық бөлімшелерінің жолға қойылған жұмысы дәлелдемелерді уақтылы белгілеуге және бекітуге, тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бірінші басшы өзекті істердің мәнін жеке өзі зерделейді, бұл белсенді жұмыс үшін айтарлықтай серпін береді", - делінген жазбада.

Асхат Жұмағалидің сөзінше, өткен айда шетелден 82 млн. АҚШ доллары қайтарылған, нәтижесінде ел бюджеті тағы 38 млрд. теңгеге толықты.

"Біздің істер бойынша алынған ақшалай қаражаттар "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына" жіберіліп жатыр. Қазіргі уақытта арнайы шотта, шамамен, 120 млрд. теңге жинақталған, олар мектептер салуға және жөндеуге пайдаланылады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады", - деп жазды ол.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: