Таиландта мұнай танкері жарылды

Сурет: EasternFireFighters
Таиландта мұнай танкерінің жарылуы салдарынан сегіз адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Муанг ауданындағы Мае Клонг өзенінде болды, деп жазды Bangkok Post басылымы.

Полицияға Smooth Sea 22 танкеріндегі жарылыс туралы хабарлама таңғы сағат 09:17-де (Астана уақыты бойынша 08:17) түскен. Танкер кеме жөндеу зауытында тұрақты жөндеуден өткізіліп жатқан, оның цистерналары да бос болған.

Жарылыс бірнеше шақырым радиуста естіліп, сезілген. Үйлердің терезелері сынған. Шамамен бір сағаттан кейін Теңіз департаменті кемедегі өрт бақылауға алынғанын хабарлады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады