Әуежай маңындағы мырыш табыт семейліктердің есін шығарды

Әлеуметтік желіде Семей әуежайы маңында тұрған мырыш табыттың фотолары мен бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облыстық полиция басқармасының мәліметінше, сол маңнан шынымен де мырыш анықталған, бірақ оның ішінде мәйіт болмаған.

"Тексеру барысында 2023 жылғы 8 қаңтарда денесін Көкпектіге қою үшін сол табытпен Алматыдан Семей қаласына ер адамның мәйіті жеткізілгені анықталды. Мәйітті тасымалдауға арналған табыт әуежай маңына тасталған". Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұл факті бойынша қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін марқұмның 32 жастағы туысқанының үстінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 20 АЕК (61 260 теңге) көлемінде айыппұл салынады.


Сурет: видеодан скриншот


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: