Ресейдің Қазақстанмен шекаралас жатқан өңірінде карантин енгізілді

Сурет: unsplash
Қазақстанмен шекаралас Ресейдің Омбы облысында 2023 жылдың басынан бері құтырудың үш ошағы тіркелді. 2023 жылдың 18 қаңтарында аймақта құтырудың тағы жаңа ошағы анықталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Омбы облысы бойынша ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау федералды қызметінің басқармасы Омбы муниципалды ауданының территориясында құтыру ауруының анықталуына байланысты карантин енгізілгенін атап өтті.

"Эпизотиялық ошақ Черлак тас жолының 25-ші шақырымындағы сүзгі сорғы станциясының аумағында орналасқан", делінген хабарламада.

Басқарма карантиндік шектеу іс-шаралары 2023 жылғы 13 наурызға дейін енгізілгенін нақтылады.


"Омбы облысы бойынша "Россельхознадзор" басқармасы аймақ аумағында құтыруды жоюға бағытталған барлық іс-шаралардың жүргізілуін қадағалайтын болады", делінген хабарламада.

Сонымен қатар құзырлы ведомство Омбы облысы дәстүрлі түрде құтыру ауруы бойынша қолайсыз аумақ болып табылатынын атап өтті: 2017 жылы мұнда осы аурудың - 9, 2018 жылы - 6, 2019 жылы - 17, 2020 жылы - 16, 2021 жылы - 24, 2022 жылы бес ошағы анықталды.

2023 жылдың басынан бастап Омбы облысында құтырудың үш ошағы тіркелді: Омбы, Муромцев және Калачинск муниципалды аудандарының аумағында.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты