24 көп қабатты үй және 59 жер үй жылусыз қалды - Рудныйда жылу құбыры тағы жарылды

Сурет: Instagram/rudny_official
Қостанай облысы Рудный қаласында жылу құбыры тағы жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рудный қаласының Горняков көшесінде жылу құбыры жарылғаны туралы ақпарат қала әкімдігі баспасөз қызметінің Instagram парақшасында жарияланды.

"Рудный қаласында 2023 жылы 26 қаңтарда сағат 14.00-де Горняков көшесі бойында диаметрі 530 мм жылу трассасы жарылды. Салдарынан 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға жылу желісінен ажыратылды. Жылу желісіндегі жарықтың орны анықталды" делінген хабарламада.

Ақауды жою бойынша барлық қажетті жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатқаны да нақтыланады. 

Айта кетсек, 19 қаңтарда Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, 24 көпқабатты және 59 жер үй жылусыз қалған болатын. Ал 21 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдаған еді.

 

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев