Клиенттерді алдап, 11 миллион теңгесін алған қарағандылық турагент 3 жылға сотталды

Сурет: pixabay
Қарағандыда тұрғындарға жалған тур сатқан фирма директоры 3 жылға сотталды. 28 жастағы Ольга Пожематкина шетелге демалуға бармақ болғандардың 11 миллион теңгесін жинап, қайтармаған, турды да ұйымдастырмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Пожематкина Ольга Анатольевна ҚР ҚК 190-бабы, 3-тармағының. - 1 және 3-пункіне сәйкес кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Жазасын орташа қауіпсіз режимдегі мекемеде өтейді. Осыған дейін үйқамақта болған ол сот залында ұсталып қамауға алынсын". Судья Айгүл Мырзабекова

КТК телеарнасының хабарлауынша, тергеу кезінде үйқамақта отырған Ольга Пожематкинаға бұл үкімді естігенде есеңгіреп қалған. Өйткені ол іс қозғала бастағанда күйеуімен ажырасып, жалғызбасты ана статусын алған. Емізулі баласы да бар.

Көпшілікке қарыз болып қалғанын айтып полицияға өз аяғымен барған. Сондықтан іс азаматтық сотқа ауысып, ары кетсе шартты жаза болады деп үміттенген. Алайда сот тергеуі оның алаяқтықты қасақана жасағанын дәлелдеді.  Сол себепті өзін қамауға алған, ал баласының тағдырын қамқоршы органдары шешсін деген үкім кесті. Алданып қалған туристердің ақшасын қайтаруға да міндеттелді. Дегенмен, зардап шеккендер қаражатына жылдам қол жеткізетініне сенбейді.

"Шығынымыз 2 миллион 580 мың теңге. Отбасым – үш балам, жолдасым, бес адамбыз, Түркияға барамыз деп үміттенгенбіз. Менің ойымша, біздің қателігіміз – фирманың құжаттарын тексермедік".Айсұлу Бекжігітова

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз