Шымкентте 50-ден астам азаматты алдаған алаяқтар ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Әл-Фараби АПБ-на жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында жарнамалық сайттардың бірінде белгісіз ер адам өзін әскери қызметкер ретінде таныстырып, электронды мотокөлік ұсынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленуші оған сенім артып, есепшотына 625 мың теңге аударым жасаған. Алайда ол келісілген тауарды алмаған соң, алаяқтың құрбаны болғанын түсінген.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Күдіктілерді іздеуге кірісті. Шымкент қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел- іздестіру жұмыстары оң нәтижесін берді.

Интернет-алаяқтықпен айналысқан Атырау және Астана қаласының екі тұрғыны анықталып, тұрғылықты мекен-жайында ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілердің жарнамалық сайттарда жиһаз және көлік түрлерін ұсынғаны анықталды.

Олар тұтынушылардан алдын ала төлем ретінде, жалпы тауар құнының 50 пайызын алып, содан кейін ізін суытып отырған.

Осылайша еліміздің әртүрлі қалаларынан 50-ден астам адамды алдап үлгерген. Қазіргі таңдакүдіктілер қамауда отыр. Полицейлер оларға қатысты арыз-шағымның көбеюі мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді