Оралда жасөспірім сырғанақта арқанға оратылып, жаншылып қалған

Оралда сырғанаушыларды биікке көтеретін аспалы жолдың арқанына оратылып қалған қыздың жағдайы ауыр. Оның бауыры езіліп, алты қабырғасы сынған. Ота жасағаннан кейін бір жарым сағаттан соң ғана есін жиған. Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әкелгенде жағдайы ауыр болды. Екінші дәрежелі ауыр жарақаттан есінен танған. Қазір күйі тұрақты ауыр. Есін жиды, тілге келді".  Хирург Рапхат Әжіғалиев

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқиға өткен демалыс күні Оралдағы дамалыс кешендерінің бірінде болды. 17 жастағы жасөспірім аспалы арқан жолдағы тюбингке отыруға кезекте тұрғандарды айналып өтпек болыпты. Қоршаудан қарғып түсіп, кезексіз өтпекші болғанда аспалы жолдың арқанына ілініп қалған. Қозғалыстағы темір трос қызды сүйреп әкетіп, арқанды айналдырып тұрған барабанға жаншып тастаған.

Полицейлер қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейтін қызмет көрсету бабымен қылмыстық іс қозғады. Алайда демалыс орны басшылығы оқиға жасөспірімнің өз кәнісінен болды дейді.

"Шектеулерге қарамастан, айналып өтіп тросқа қысылып қалған. Біз дереу көмектесіп, сол жерде жедел жәрдем шақырдық. Ауруханаға жеткізді. Сол кездің өзінде сегіз адам жүрді, олар қауіпсіздікті қадағалайды. Қаншама жазу жазылып тұр, адамдар айғайлап тұр. Өкініштісі, адамдар тыңдамайды".Демалыс орнының басқарушысы Сабыржан Нұрғалиев
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: