БҚО-да сұйытылған газ сатқандарға айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Бағаны бекіткені үшін сұйытылған газ сатушы екі азаматқа әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Алау" ЖШС мен "KuBA Corp" ЖШС-ға қатысты істі тергеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"Бағаны ұстап тұру бөлігінде көлік құралдарына жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың нәтижесін бұрмалау арқылы бәсекелестікке қарсы көлденең келісімдер белгілері анықталды".ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты "Алау" ЖШС-ға 325 878 теңге монополиялық кірісті тәркілеумен 196 783,11 теңге айыппұл салды. Сот шешімімен "KuBA Corp" ЖШС-ға 127 898 теңге монополиялық кіріс тәркіленіп, 54 568 теңге айыппұл салынды.

11 қаңтарда мәжіліс депутаттары газ бағасын мемлекеттік реттеуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз