ҚР Бас консулдығы Түркияда оқып жүрген студенттерге үндеу жасады

ҚР Бас консулдығы Түркияда оқып жүрген студенттерге үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өздеріңізге белгілі болғандай, 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс аймағында болған жер сілкінісі нәтижесінде жарақат алған азаматтардың саны өсіп келеді. Осыған байланысты Түркия президенті елдегі жоғарғы оқу орындары (ЖОО) дәрістерді онлайн нысанда жүзеге асыратындығын хабарлады. Сонымен қатар табиғи апатта жарақат алған азаматтарды уақытша тұрғылықты жермен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жатақханалар пайдаланылады.Түркия билігінің хабарландыруы жекеменшік пәтерде/жатақханада, жалға алынған пәтерде тұратын студенттерге қатысты емес екеніне, сонымен бірге Түркияда тұрып онлайн сабақты алуға болатындығына назар аударамыз. Қолғабыс және консультация алу үшін төмендегі байланыстарға хабарласуға болады", - делінген хабарламада.

Анкарадағы елшілік жауапты провиницялар: Анкара, Ушак, Афьон, Конья, Кютахья, Эскишехир, Биледжик, Болу, Аксарай, Невшехир, Ниде, Кыршехир, Кырккале, Чанкыры, Карабюк, Зонгулдак, Бартын, Кастамону, Чорум, Йозгат, Кайсери, Мараш, Османие, Хатай, Чорум, Синоп, Амасья, Самсун, Токат, Орду, Сивас, Малатья, Адыяман, Газиантеп, Килис, Шанлыурфа, Елазыг, Тунджели, Эрзинджан, Гиресун, Гюмюшхане, Трабзон, Байбурт, Бингөл, Диярбакыр, Мардин, Батман, Шырнак, Сиирт, Хаккари, Битлис, Ван, Муш, Агры, Эрзурум, Карс, Ыгдыр, Ризе, Артвин, Ардахан.

Байланыс нөмірлері:

Электрон пошта: ankara@mfa.kz

Антальядағы Бас консулдық жауапты провинцялар: Анталья, Мугла, Денизли, Бурдур, Ыспарта, Караман, Мерсин.

Байланыс нөмірлері: 

Электрон пошта: antalya@mfa.kz

Стамбулдағы Бас консулдық жауапты провинцялар: Стамбул, Измир, Бурса, Сакарья, Текирдағ, Эдирне, Кыркларели, Коджаэли, Ялова, Дүзже, Чанаккале, Балыкесир, Маниса, Айдын.

Байланыс нөмірлері:

Электрон пошта: istanbul@mfa.kz

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: