Саран қаласында бір ер адам кішкентай баласы бар отбасына балтамен тап берді

Сурет: pixabay
11 ақпанда Қарағанды ​​облысының Саран қаласында бейтаныс ер адам балалы отбасына балтамен шабуыл жасамақ болған. Бұл оқиғаны жәбірленуші Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің сөзінше, олар сол күні жеке сектордағы туыстарына келген. Күйеуі ағасының үйіне кеткенде, әйел мен бала көлікте қалған. Осы кезде қолына балта ұстаған бейтаныс адам көлікке жақындап келіп, фараларын сындыра бастайды. Ол есікті де ашпақ болған, алайда құлыпталып қалғандықтан, ішке кіре алмай, келген жолымен кері кеткен.

"Мен күйеуіме қоңырау шалдым. Ол бейтаныс жігітке қарай жүгірді, ал ол балтасымен күйеуіме тап берді. Күйеуім кері шегініп еді, ол қуа жөнелді", – дейді жәбірленуші.

Әйелдің жазуынша, балтамен шабуылдаған ер адам қазір бостандықта жүр. "Келесі құрбаны кім болады? Бұлай қалдыруға болмайды", – деп жазды әйел.

Қарағанды ​​облысының полицейлері бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша ішкі істер органдарында тіркелгенін мәлімдеді.

"Құқық бұзушылық жасаған 58 жастағы ер адам анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде". Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

15 ақпан күні Петропавлда мектеп оқушыларына балтамен шабуыл жасаған тоғызыншы сынып оқушысы екі айға қамауға алынды. 

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Каспий теңізіндегі есірткі арнасы: ҰҚК шетелдіктер мен Қазақстан азаматтарын ұстады

Ақтөбедегі Неке сарайындағы әйелдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Алматы тұрғындары біле бермейтін түнгі автобус бағыты