Алматыда қоңырау соғуды өтініп телефонды қайтармаған алаяқ анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Б. есімді азамат түсініксіз жағдайларды айтып, өтіп бара жатқан адамдардан “маңызды қоңырау” жасау үшін ұялы телефондарын сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Жанашыр жандар осындай қарапайым өтініштен бас тартпаған, ал күдікті болса, құрылғыны алғаннан кейін қашып кеткен. Қазір ұсталған азаматтың осындай 5 алаяқтыққа қатысы бар екендігі анықталды. Олар бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190 бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – дейді, Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батуржан Абдумасаров.

Тәртіп сақшылары алданғандардың одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан олар азаматтарды ұсталған адамды таныған жағдайда мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-701-269 – 05-65.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео