Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Сурет: ҚР ҰҚК
Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановты қамауда ұстау мерзімі 22 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлайды. 

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, тергеу материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 22 наурызына дейін ұзартуға санкция берілді", делінген сот хабарламасында.

Айта кетсек, 22 маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшылары ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті теріс пайдалану фактілері бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Дархан Ділманов өткен жылдың сәуір айының басында ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры қызметінен босатылды.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі