Қазақстанда Air Arabia әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сурет: airarabia.com
13 ақпанында Air Arabia әуекомпаниясына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитетінің мәлімдеуінше, Алматы – Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген қызметтерді (алкогольсіз сусындарды) ұсынбауы шетелдік әуе компаниясына айыппұл салуға себеп болған.

Комитет жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде жолаушылардың құқығын сақтау бөлігінде ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын ұстанатынын атап өтті.

"Авиатасымалдаушылар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шаралар қабылданады".Азаматтық авиация комитеті

9 қаңтарда өткен жедел кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Сыртқы істер министрлігі Азаматтық авиация комитетінің жаңа орынбасары Тимур Тілегеновті таныстырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі