Ақтөбедегі әскери бөлімде сарбаздың жағын сындырған, ал командирлер дер кезінде көмектеспеген

Сурет: видео скрині
Ақтөбедегі әскери бөлімде қатарласының жағын сындырған жауынгерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 18 жастағы сарбазды өңірдегі әскери гарнизонның полицейлері тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеранасының хабарлауынша, жәбірленуші мен оны соққыға жыққан жігіт осы артиллерия және ракета бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп жүр. Кезекшілікте жүрген жауынгерді қатарласы алғашқыда түйіп өтіп, кейін бөлек бөлмеге апарып аяусыз соққыға жыққан.

Басынан жарақат алып жағы сынған сарбазға әскери бөлім басшылары дер кезде көмек бермепті. Тек есінен танған кезде ғана госпитальге емес, облыстық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер полицейлерді шақырғанда әскери бөлім басшыларының бірі әлсіреп жатқан сарбазды кері алып кетпек болған.

Қазір әскердегі әлімжеттікті жасырмақ болғандарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Командирлерге қандай шара қолданылатыны белгісіз. Өйткені әзірше тек қатарласын ұрған жауынгерге іс қозғалған.

"Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әскери полиция тергеп жатыр. Жарақат алған жауынгер Алматыдағы госпитальде емделіп жатыр. Оның сол жағы сынып, дәрігелер операция жасаған. Қазір жағдайы тұрақты. Оның әскери борышын өтеп, үйіне қайтуына әлі сегіз ай бар".30238 әскери бөлімі командирінің орынбасары Ринат Шәріпов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды