Авиация саласының сарапшысы тікұшақ апатына қатысты пікір білдірді

Авиация саласының сарапшысы Әбіл Кекілбаев ауа райы жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz
"Шамасы, ауа райы күрт өзгеріп, қатты жел соққан. Мұны фотосуреттерден де байқауға болады", - деді ол.

Бұған дейін Әбіл Кекілбаев тікұшақ апаты боран мен қатты желдің салдарынан орын алған болуы мүмкін деп болжам жасаған.

"Менің білуімше, боран соғып, қатты жел тұрған. Қолайсыз ауа райы кезінде білікті экипаж мүшесі көкке көтерілмейді, ондай шешім қабылдамауы керек. Әсіресе метеоақпарат күн сайын қолдарына келіп түсіп отырады. Соған қарамастан неліктен ұшқан, бұл сұрақ бәрімізді алаңдатады". Әбіл Кекілбаев

Сонымен қатар, ауа-райының қолайсыздығы туралы мұндай ресми ақпарат болған жоқ.

Сонымен қатар, Орал қаласындағы көпсалалы аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылған зардап шегуші - "Қазавиақұтқару" мекемесінің инженері Сергей Щегловтың айтуынша, ауа райы ол кезде жақсы болған.

"Бәрі жақсы болды, біз үш сағатқа жуық ұшып жүрдік. Барлығы тамаша болатын, ұшып шықтық, ауа райы да жақсы еді. Мен артқы жақта отырғанмын, қолымдағы дәптерді оқып, бір уақытта кеттік дейсің, қарасам, жердеміз". Сергей Щеглов

Сондай-ақ," Қазгидрометтегілер" де "Қазаэронавигация" мен ҚР ТЖМ-нің өз метеоқызметі бар екенін атап өтті, ол ұшулардың қауіпсіздігі үшін метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етумен айналысады және ведомствоның метеоқұрылымдарына бағдар беріп отырады. 

23 ақпанда сағат 15:50-де Чапурино елдімекенінен 6 шақырым қашықтықта "Қазавиақұтқару" АҚ-қа тиесілі 2021 жылы зауыттан шыққан Ми – 8 АМТ тікұшағы жерге апатты жағдайда бар екпінімен келіп қонды, ол "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысы бойынша "Атырау-Орал-Атырау" бағытындағы құбыр желісін көктен шолып, кері қайтып келе жатқан

Бортта экипаждың бес мүшесі және "ҚазТрансОйл" АҚ-тың өкілі болған.

Атырау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: