Мұз басқан Ертіс өзенінің ортасына барып алған бес бала құтқарылды

Павлодарда мұз басқан Ертіс өзенін шолу кезінде құтқарушылар бес баланы байқап, шұғыл әрекет қабылдады. деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар мұздың үстінде жүрген балаларды орталық жағалауда патрульдеу кезінде анықтаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Бұл - өте қауіпті. Күн жылына басталғаннан бері мұздың үстіндегі қар ери бастады. Қардың еріген суы мұзға сіңіп, мұздың құрылымы өзгереді де сынғыш болады. Қалыңдығы 50 сантиметр болғанның өзінде адамның салмағын көтере алмауы мүмкін". Павлодар облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов

Мұз үстінде жүрген балалар - 2008,  2010, 2009 және екеуі 2011 жылғы. Жеткіншектермен мұздың қауіптілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. 

Құтқарушылар көктемнің келуімен мұздың үстіне шығу  өте қауіпті екенін ескертеді.

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: