"Astana LRT" жол ақысы жүйесіне қатысты сот алдында жауап береді

Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау 7 наурызда Астанада өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «SMSBUS» ЖШС «City Transportation Systems» ЖШС (бұрынғы Astana LRT) үстінен сотқа шағым түсірген.

Сонымен қатар Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қатысты сотқа шағым түсірілді. Талапкер соттан «Астана қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысын электронды жинау жүйесі мен диспетчерлік жүйені жаңғырту» жобасын жүзеге асыру бойынша серіктесті анықтау үшін жарияланған тендерді заңсыз деп тану және оның күшін жоюды сұрайды.

Соттың баспасөз қызметі талап арыздың әзірге Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 131-бабына сай келмейтінін, алайда «SMSBUS» ЖШС кемшіліктерді жоюға 7 наурызға дейін уақыты бар екенін түсіндірді.

2023 жылдың басынан бастап "City Transportation Systems" қоғамдық көлікте төлем қызметтерін көрсету бойынша жеткізушіні ауыстырды. «SMSBUS» орнын "Толем Кью" ЖШС иеленді. Бұған дейін елорда тұрғындары жол ақысын төлеу мәселесіне тап болған. Жаңа жеткізуші бұл қызметті көрсетуге дайын емес болып шықты.

Қазақстан Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: