Крипто айырбастау пунктін ұйымдастырған қазақстандық 3 азаматтан 342 мың доллар мен 7 млн теңге тәркіленді

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті Қазақстанның 3 азаматының "ABS Change" крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМА баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ол азаматтар заңсыз әрекеттерін АХҚО алаңынан тыс жерде іске асырған. 

"Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушыладың заттары, 342 мың АҚШ доллары және 7 млн теңгесі тәркіленді. Binance платформасында екі крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Алдын ала есеп бойынша Binance платформасындағы крипто айырбастау пунктінің крипто әмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн АҚШ доллары болды.

Агенттік өкілдері қазір тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі