Браконьерлер табиғатқа 1,2 млрд теңгеге зиян келтірді

Сурет: pixabay
Бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, тасымалдау, сақтау және өткізу қылмыстары үшін 93 адам сотталды, оның 26-сы бас бостандығынан айыру жазасын кесілді. Олардың заңсыз әрекеті салдарынан мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының хабарлауынша,  Ш.Р. есімді азамат бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз иемденгені және сақтағаны үшін мемлекетке келген залал 130 млн теңге өндіруімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Табиғатқа келтірілген залал тек бекіре тұқымдас балықтары мен оның дериваттарын аулағандарға ғана емес, оны заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдағандарға да қойылатынын атап өту қажет.

Елімізде 2019 жылы браконьерлік үшін жаза күшейтілді.


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды