ҰҚК қару-жарақ пен жалған доллар жеткізушісін ұстауға бағытталған арнайы операция жүргізді

Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында қару мен жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жариялаған ақпаратқа сүйенсек,қылмыстық қару мен жалған АҚШ долларын сатудың жасырын арнасының жұмысын жолға қойған қылмыстық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды.

"Операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, атқыш қару, оқ-дәрі, сонымен қатар жалған америкалық банкноттарды әкелудің тұрақты қылмыстық жүйесі анықталып, құжатталды" делінген ақпараттық хабарламада.

Жасырыну шараларын қатаң сақтап, заманауи техникалық байланыс құралдарын қолдануы қылмыскерлердің әрекетін әшкерелеуде қиындық тудырған.

ҰҚК өкілдерінің мәлімдеуінше, күдіктінің заңға қайшы әрекеті еліміздің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндірген.

"Дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнес жойылды. Заңсыз айналымнан 4 бірлік қару: "Калашников»" автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450 астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары алынды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұсталған адам қылмысын мойындады және ҚР ҚПК 128-бабы негізінде сот рұқсатымен 2 айға тергеу изоляторына қамалды.

Сурет: gov.kz

Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз